Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайындығын талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізеді

Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайындығын талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы     16 ақпанда сағат 15.00-де 2-топтағы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайындығын талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізеді.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіптік медициналық қауымдастықтар, жеке медициналық ұйымдар және басқа мүдделі тұлғалар шақырылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша іс-шаралар Ұлт жоспарының 97-қадамын орындау, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің шешім қабылдау процессіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайындығын талдау нәтижелері: денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуін ұйымдастыру және өткізу, аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жасау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттарын, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын,  денсаулық сақтау саласындағы білім беру стандарттарын әзірлеу, «тәуекел» тобындағы балаларды ерте айқындау үшін скрининг ұйымдастыру тәртібін, физикалық және (немесе) психикалық кемшіліктері бар балалар патологиясының әр-түрлі түрлерін диагностикалау және емдеуді ұйымдастыру тәртібі, медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін әзірлеу сияқты функциялары талқыланады.

Кеңес Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, Министрлік үйі, 5-кіреберіс, 1036-конференц-залында 2018 жылғы 16 ақпанда өтеді.