Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды

Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Жауапты хатшы Болат Төкежановтың төрағалығымен мемлекеттік органның орталық аппараты және комитеттердің, ҚР мемлекеттік органдарының әдеп бойынша уәкілетті қызметкерлерінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, азаматтық сектордың және Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы орталық кеңесі өкілдерінің қатысуымен, мемлекеттік қызметкерлердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әдеп бойынша уәкілетті қызметкері Файзула Бисмильдин қатысушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексі заңнамаларындағы талаптарды мемлекеттік қызметкерлердің орындауы бойынша жүргізген жұмысы туралы хабарлады.

Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдепті сақтамау фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан келген өтініштер қаралғанын, ұжымда қабылданған жалпы тиісті моральдық-этикалық нормаларға сәйкес қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру бойынша әңгімелесу жүргізілгенін, дауларды реттеуге бағытталған шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Тұтастай алғанда комитеттер мен олардың өңірлік департаменттерінің әдеп бойынша уәкілетті қызметкерлеріне міндеттерді жүктеу процесі аяқталды; ведомстволар мен олардың өңірлік құрылымдарының әдеп бойынша уәкілеттілерінің 2017 жылғы жұмысын қорытындылады;    Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті және оның Қарағанды облысы бойынша департаментінің әдеп бойынша уәкілеттілері тексерілді және оларға кеңес берілді», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің адеп бойынша уәкілетті қызметкері.

Ол, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған мемлекеттік қызметкерлерге нысан бойынша жасырын жүргізілген сауалнамалардың  нәтижелеріне тоқталды: сұралғандардың 95% ҚР ДСМ басшыларына сенеді, корпоративтік рухты және өзара көмекті әріптестердің 95% атап өтті, басшылардың мамандарға объективтілігі - 93%, ұжымдағы жақсы моральдық-психологиялық климат - 89%, қызметкерлердің  96%- ы әріптестерінің  сыпайылығын атап өтті. Жалпы Министрлікте моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығы айқындалған.

Құқықтық сауаттылық, мемлекеттік қызмет және Әдеп кодексі саласындағы ҚР заңнаманы қатаң сақтау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің сауаттылығына тікелей әсер ететіні атап өтілді.  Әдеп бойынша уәкілеттілердің қызметін жандандыру мақсатында және бірқатар өзекті мәселелер шешу үшін мемлекеттік органдарда олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығына ұсыныстар енгізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері мен фармация басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, әсіресе резонансты істер,  комитеттерде істі болған лауазымды адамдар бойынша қысқаша тоқталды.

Сондай-ақ кеңесте халықтың мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімі және мемлекеттік органдарының имиджін арттыру бойынша ҚР мемлекеттік органдары қызметінің қорытындысы  қаралды.