Медициналық ұйымдарды аккредиттеу қызметі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен ДСДРО-ға берілді

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу қызметі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен ДСДРО-ға берілді

2018 жылдан бастап медициналық ұйымдарды аккредиттеу қызметі мемлекеттік органнан (Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, бұдан әрі – ҚР ДСМ ҚДСК) мемлекеттік сыңайлы секторға (Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, бұдан әрі - ДСДРО) берілді. 2017 жылдың 14 желтоқсанында ҚР ДСМ Медициналық қызмет сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы ДСДРО аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы шешім шығарды, осының негізінде 2018 жылдың 23 қаңтарында ҚР ДСМ ҚДСК сәйкесінше, ДСДРО аккредиттеу туралы (бес жыл мерзімге) куәлік шығарды. 

Қазақстандағы аккредиттеу жүйесі әлемдік талаптарға сай құрылған:  Денсаулық сақтау саласындағы Сапа және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық қауымдастық (International Society for Quality in Health Care, ISQua) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Аккредиттеу орталығын аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеді; аккредиттеудің ұлттық стандарттары екі рет сертификатталды; ISQua стандарттары бойынша аудиторлар дайындау бағдарламасы сертификатталды.

Стационарлық, амбулаторлық ұйымдар, жедел медициналық жәрдем станциялары, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім  ұйымдары, қан орталығы үшін аккредиттеудің ұлттық стандарттары енгізілді. Стандарттар бірнеше жылда бір рет қайта қаралуы тиіс, 2018 жылы ұлттық стандарттардың үшінші редакциясы бекітіледі деп күтілуде. Осыған байланысты сыртқы кешенді бағалаудың жаңарған талаптары бойынша медициналық ұйымдар мен аудиторлар жаппай оқытылатын болады. Аккредиттеуден кейін медициналық ұйымдарға  постаккредиттеу мониторингі жүргізілуі тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 592 ұйым аккредиттелді, бұл жалпы медициналық ұйымның 11%-ын құрайды. Аккредиттелген ұйымдардың негізгі бөлігі – 444-і (75%) мемлекеттік ұйымдарға тиесілі, тек 148-і (25%)  –жекеменшік ұйымдар. Аккредиттелген ұйымдар санының төмен болуы 2018 жылға дейін аккредиттеу қызметі ақысыз мемлекеттік қызмет ретінде жүргізілді, республикалық бюджеттен жылына 180 ұйымды аккредиттейтін шектеулі қаражат бөлініп келді. Қызметтің табысталуына байланысты, 2018 жылдан бастап аккредиттелуге тиіс ұйымдар саны шектелмейді, және аккредиттеу қызметі денсаулық сақтау ұйымдарының қаражаты есебінен және басқа тыйым салынбаған көздер есебінен жүргізіледі. Аккредиттеуден өту қызметінің құны бойынша ақпаратпен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының сайтынан http://www.rcrz.kz/index.php/ru/2017-03-12-10-51-14/akkreditatsiya-med-organizatsij сілтемесі арқылы танысуға болады. Аккредиттеуге өтінімдер, Денсаулық сақтау министрінің  №127 бұйрығының талаптарына сәйкес, медициналық ұйымдардан office@rcrz.kz электронды мекен-жайы бойынша қабылданады. 2018 жыл ішінде өтінімдер қабылдау үдерісі автоматтандырылады.

Медициналық ұйымдардың аккредиттеуге қатысуы сапалы және қауіпсіз медициналық көмек негізінде медициналық қызмет көрсету нарығында  бәсекелестік тудыруға мүмкіндік береді. Аккредитттелген медициналық ұйымдардың кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында, оның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға айрықша құқығы болады.