Мәжілістегі үкімет сағатында денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері талқыланды

Мәжілістегі үкімет сағатында денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Денсаулық сақтауды цифрландыру» тақырыбындағы баяндаманы оқыды.

Министр Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған негізгі міндеттердің бірі ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу, сондай-ақ негізгі созылмалы ауруларды басқару кезінде қашықтықтан диагностикалау әдістерін енгізу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру болып табылатынын хабарлады.

«Денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудың маңыздылығын ескере отырып, 2013 жылы  Дүниежүзілік банктің жобасы шеңберінде Швейцариялық қоғамдық денсаулық сақтау институтымен  (Swiss Tropical and Public Health Institute) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне баға берілді. Оның нәтижесінде Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау тұжырымдамасы әзірленді, бұнда мақсаттарды және басымдылықтарды қайта қарау, ескірген технологиялардан бас тарту, денсаулық сақтауды цифрландыру процесіне медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) және медициналық ұйымдарды тарту жолымен монополияландыру және орталықтандыру көзделген» - деді Елжан Біртанов.

Ол өңірлік және жергілікті деңгейлердегі негізгі клиникалық процестерді цифрландыруды жергілікті атқарушы органдардың қамтамасыз етуге тиістілігін атап өтті. Министрлік өз кезегінде қаржыландыру және басқару мәселелеріне бағытталған республикалық деңгейдегі жүйелерді дамытады, сондай-ақ ұлттық Электрондық денсаулық паспортын құру жолымен медициналық ақпаратпен алмасу тетігін қамтамасыз етеді. 

«Осы мақсатта Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда  Ericsson Nicola Tesla d.d. компаниясымен Интеграцияланған денсаулық сақтау платформасын жеткізуге  келісімшарт жасалды (Хорватия). Жұмыстарды аяқтау және пилоттық пайдаланымға енгізу 018 жылдың ортасына жоспарланған. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2015 жылдан бастап өңірлерде медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жұмыстар жандандырылды. 2015 жылы МАЖ ең көп дегенде  50  денсаулық сақтау ұйымында енгізілсе, 2018 жылдың басында 500-ден астамында енгізілді», - деді Министр.

Елжан Біртанов барша ел бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің 22 ақпараттық жүйесі онлайн режимде жұмыс істейтінін атап өтті. Олар медициналық ұйымдардан деректерді жинауды және оларды ұлттық деңгейде ұсынуды қамтамасыз етеді, алайда, аталған ақпараттық ағынға пациенттер қатыспайды деуге болады.

Сонымен қатар, Министр «Бекітілген халық тіркелімі», «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі», «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі, «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі», «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» сияқты Министрліктің негізгі порталдары туралы сөз қозғады.

«Дәрігерлерді және орта медициналық персоналды компьютерлік техникамен жарақтау бүгінгі күні 82,7%-ды құрайды. 2019 жылдың 1 қаңтарына көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Интернет желісіне қолжетімділікпен бүгінгі күні денсаулық сақтаудың 55,7% ұйымы қамтылған. 2019 жылдың 1 қаңтарына көрсеткішті 100%-ға дейін (аудандық орталықтардың деңгейіне дейін) жеткізу жоспарлануда. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес 2018 жылдың 1-тоқсанының соңына дейін Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының 90% денсаулық сақтау ұйымдарында МАЖ енгізу жоспарлануда», - деп атап өтті министр. 

«2018 жылдың маусымында интеграциялық Платформаны, оның ішінде Электрондық денсаулық паспорты және пациенттің жеке кабинетін пилоттық енгізу жоспарлануда. Жылдың соңына дейін әкімдіктермен бірігіп медициналық ақпараттық жүйелермен барынша қамту жоспарлануда. Ақпан айында әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде алынған медициналық қызметтер және көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін пікірлер туралы СМС хабарламалар сервисі іске қосылатын болады. 1-тоқсанның соңына «электрондық үкімет» порталы арқылы еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық ұйымдарда есепте тұрғаны туралы анықтамаларды беру ретке келтіріледі. Маңызды іс-шаралардың бірі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексті жаңа редакцияда әзірлеу болып табылады, онда цифрландыруды дамытуды қолдау үшін бірқатар ережелер қамтылатын болады», - деп сөзін қорытындылады Елжан Біртанов.