
Медицина ғылымдарының және биомедицина ғылымдарының кандидаты.
Ғылыми-зерттеу қызметі: Ауылдық және қалалық денсаулық сақтау қызметтеріне қашықтықтан қызмет көрсететін мекемелердің желісін құру және стратегиялық жоспарлауды бағалау: әртүрлі елдер мен мәдени жағдайларда салыстырмалы талдау жасау. Università Cattolica del Sacro Cuore, Профилактикалық гигиена және медицина бөлімі, Рим, Италия.
Іскерлік басқару және цифрлық дәуір маркетингі магистрі, Барселона Университеті, Үздіксіз білім алу институты, Барселона, Испания.
50:50 растайтын үздік сертификатын алды, Профилактикалық гигиена және медицина саласындағы мамандандыру мектебі, Киелі Жүрек Католиктік Университеті, Профилактикалық гигиена және медицина бөлімі, Рим, Италия. Сонымен қатар Жүрек хирургиясы саласының үздік сертификаты бар, Мамандандыру мектебі, Жүрек хирургиясы, Киелі Жүрек Католиктік Университеті, кардиохирургия бөлімі, Рим, Италия.
Еңбек өтілі:
• 2018 – «Астана медицина университеті» АҚ-тың Басқарма мүшесі – Провосты, Астана, Қазақстан.
• 2017-2018 – Астана медицина университетінде стратегиялық дамыту жөніндегі атқарушы директор (проректор), Астана, Қазақстан.
• 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Денсаулық сақтау саласындағы технологияларды бағалаудың дипломнан кейінгі медициналық білім беру бойынша Ташкент институтының Құрметті профессоры, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ташкент, Өзбекстан.
• 2015-2017 – Медициналық директор: Басқаруды бақылау жүйесінің департаменті және Бизнес аналитика офисінің және халықаралық ынтымақтастық офисінің координаторы. Азиенда ауруханасы (ASL Витербо), Витербо, Италия.
• Қазан, 2016 – «Біріктірілген университет: білім беру мен денсаулық сақтау саласының басқару және бағалау жүйесі» Католиктік университеттегі философия докторы дәрежесі арқылы Ла Сапиенца-Астана медицина университетінің ғылыми-зерттеу жобасына қатысты, Астана, Қазақстан.
• 2009-2015 – Медициналық директор: Сан Камилло-Форланини ауруханасыныңКлиникалық басқару және білім беру бөлімі, Рим, Италия.
• 2013-2014 – «Interhospital network – ҚазҰМУ университет ауруханасы» ғылыми-зерттеу жобасына қатысты, Алматы, Қазақстан.
• 2012- 2014 – СОМ басылым редакциялық кеңесінің мүшесі, Рим, Италия.
• 2012, желтоқсан – 2013, маусым – «UNIclinic - ҚазҰМУ Университет ауруханасы» зерттеу жобасына қатысты, Алматы, Қазақстан.
• 2013, мамыр – «DOC-2013» студенттердің халықаралық форумында Төрешілер тобының мүшесі болды, Түркістан, Қазақстан.
• 2013, қаңтар-ақпан – «Өзбекстанда АИТВ-нің алдын алуға, оны диагностикалауға, емдеуге және АИТВ-ге шалдыққан науқастарға күтім жасауға жалпы қолжетімділік мүмкіндігі үшін жүйені күшейтуге және халыққа төніп тұрған үлкен қауіпке ерекше назар аудара отырып, АИТВ-ге қарсы шараларды тұрақты түрде кеңейту» UNDP/GF жобасының халықаралық кеңесшісі болды. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау республикалық орталығы, Ташкент, Өзбекстан.
• 2012, желтоқсан – «Медициналық мамандықтардың магистрлік бағдарламалары бойынша халықаралық ынтымақтастық орнату жобасына» қатысты. Менеджменттің жоғары мектебі, Барселона, Испания.
• 2012, қыркүйек – Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дипломнан кейінгі медициналық білім беру бойынша Ташкент институтының денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың Құрметті профессоры болып тағайындалды.
• 2011, мамыр-маусым – Ливиядағы Италия сыртқы істер министрлігі атынан миссия атқарды: Ливиядағы соғыста денсаулық сақтау секторындағы басым шараларды анықтау қажеттігі және денсаулық жағдайын бағалау жөніндегі халықаралық топтың толық мүшесі болды. Бенгази, Ливия (127).
• 2010-2012 – Сан Камилло-Форланини госпиталінде оқу курстарының оқытушысы болды. Оқытқан пәні – «Жалпы медицина». Рим, Италия.
• 2006, тамыз – 2009, мамыр – кардиохирургия бөлімінің дәрігері қызметін атқарды. Сан Камилло-Форланини госпиталі, Рим, Италия.
• 2005, қыркүйек – 2006, тамыз – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша тағылымдамадан өтті, Сан Камилло-Форланини госпиталі, Рим, Италия.
• 2005, шілде – бас дәрігер қызметін атқарды, Holiday Village Club Vacanze, Тропея, Италия.
• 2005, ақпан-маусым – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша теориялық тағылымдамадан өтті. Болонья Университеті, Болонья, Италия.
• 2004, желтоқсан – 2005, ақпан – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Вилла Мария Сицилия клиникасы, Котиньола, Италия.
• 2003, шілде – 2004, желтоқсан – жүрек-торакальды хирургия бөлімінде жүрек-торакальды хирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Catherina Ziekenhuis, Эйндховен, Нидерланды.
• 2003, ақпан-мамыр – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Сан Камилло-Форланини, Рим, Италия.
• 2002, маусым-қыркүйек – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Вилла Мария Пиа клиникасы, Турин, Италия.
• 2002, ақпан–маусым – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша тағылымдамадан өтті. Сан Камилло-Форланини госпиталі, Рим, Италия.
• 2001, шілде-тамыз – жүрек-қан тамыр хирургиясы және торакальды хирургия бөлімінде жүрек-қан тамыр хирургиясы және торакальды хирургия бойынша тағылымдамадан өтті. OLV клиникасы (Onze Lieve Vrouw Ziekenhuis), Алст, Бельгия.
• 1997-2001 – кардиохирургия бөлімінде кардиохирургия бойынша теориялық-практикалық тағылымдамадан өтті. Сильвестрини госпиталі, Перуджа, Италия.