
2018 жылдың алғашқы үш айында 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін отандық өндірушіден 650 млн. теңге сомаға қандағы қант деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін 300 мыңнан артық тест-жолақтары, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациеттерге глюкометрлар сатып алынды.
Бірыңғай дистрибьютордың тендер қорытындысы бойынша жылдың қалған айларына 1,1 млрд. теңгеден астам сомаға тағы 570 мың тест-жолақтар сатып алынады.
Қазіргі кезде тест-жолақтары және глюкометрларды шығаруды және жеткізуді отандық өндіруші «Аксель и А» жүзеге асырады.
2015 жылы 7 жыл мерзімге жасалған ұзақ мерзімді шарт шеңберінде Мемлекет бұл өндірушіден глюкометрлар мен тест-жолақтарын сатып алады, сондай-ақ отандық жеткізуші сатып алу рәсіміне қатыса отырып, Бірыңғай дистрибьютордың тендерлерінің нәтижесінде абсолютті артықшылықтарға ие болады, тендерге қазақстандық зауыт қатысып отырғанда басқа қатысушылар қарастырылмайды.
Айтпақшы, 2017 жылы қазақстандықтар отандық өндірушінің тест-жолақтары және глюкометрларымен 1,16 млрд. теңгеге қамтамасыз етілді. Бұл бұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберінде диспансерлік тізімде тұрған қант диабетімен ауыр