Шығыс Қазақстан облысы Шолпан селосында және Қарағанды облысында а гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдай

Шығыс Қазақстан облысы Шолпан селосында және Қарағанды облысында а гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдай

2018 жылғы 23 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының Шолпан селосында және Қарағанды облысында орын алған А гепатитімен сырқаттанушылық жағдай және А гепатитінің алдын алу және емдеу мәселелері бойынша брифинг өтті.

Жандарбек Бекшин Шығыс Қазақстан облысы Шолпан селосының және Қарағанды облысының тұрғындары арасында А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдайға  түсіндірме беріп, журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, бүгінгі күнгі жағдай бойынша (2018 жылғы 3 қаңтардан бастап) Қарағанды облысында мектеп оқушылары мен ересек тұрғындары арасында А гепатитімен сырқаттанудың 30 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың барлығы, әр түрлі елді мекендердің (Қарағанды қ., Саран қ., Абай және Шет аудандары) тұрғындары және әр түрлі мектептің оқушылары (Қарағанды қ. №58, Теміртау . №5,  г. Шахтинск №26) болып табылады.

Қазір Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында А вирустық гепатитінің  расталған диагнозымен 24 науқас ем алуда, оның ішінде 14-і оқушы және 10-ы ересек адам. Сонымен қатар, Теміртау қаласының орталық ауруханасында 6 оқушы емделуде. Қазіргі уақытта аталған мектептерде байланыста болған балаларға вакцинация жүргізіледі, 100-ден астам оқушы егілген. Барлық ауырған адамдар ерте кезеңде байланыс ошағын тексеру барысында анықталғанын айта кету керек.

 Жандарбек Бекшин А гепатитімен жеңіл түрімен ауыратын науқастар анықталған білім беру мекемелерінің ұжымдары  уақытша оқшаулауды талап етпейтіндігін атап өтті. Мұқият кәсіби қадағалау қамтамасыз етілген, санитариялық іс-шаралар (дезинфекция және т. б.) қолданыстағы нормалар мен стандарттарға сәйкес күшейтілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы  жағдайларға қатысты орын алған жағдайды тексеру мақсатында комиссия құрылды, оның құрамында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, тәуелсіз сарапшы-патологоанатом, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының Эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры және ҚР ДСМ ҚДСК Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы жұмыс істеді.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Үржар аудандық ауруханасының инфекциялық стационарында А вирустық гепатиті диагнозымен 12 науқас емделді. Одан басқа, Шолпан селосының дәрігерлік амбулаториясында А вирустық гепатиті диагнозымен шұғыл хабарлама берілген 19 науқас амбулаториялық ем алды.

Осылайша, Шолпан селосының тұрғындары арасында А вирустық гепатитіның 31 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ олардың жұмысы барысында Шолпан селосындағы алғашқы  жағдай 2017 жылғы 12 қыркүйекте тіркелгендігі анықталды. А вирустық гепатит ауруының көзі 2017 жылғы тамыз айында селоға келген Семей қаласының азаматшасы.

Сонымен қатар, соңғы деректер бойынша А вирустық гепатитіне деген  күдікпен тағы 2 науқас Үржар аудандық ауруханасының инфекциялық стационарына түсті.   Қазір уақытта оларға қатысты зертханалық тексеру жүргізілуде.

Үржар ауданындағы өлім-жітім жағдайына қатысты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, м.ғ.к. М. В. Головенконың қорытындысына сәйкес вирустық гепатиттің жіті түрінен қайтыс болды делінген.

Барлық байланыста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау орнатылды. Оқу орындарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта мектепте оқушылар бөтелкеге құйылған ауыз суды пайдаланады. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар және оқытудың кабинеттік жүйесі тоқтатылды. Қазіргі уақытта, 2017 жылы А вирусты гепатиті диагнозы қойылған Шолпан селосының барлық науқастары сауығып емделіп шықты.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында тұр.