Денсаулық сақтау министрлігі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларын қабылдауды бастады

Денсаулық сақтау министрлігі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларын қабылдауды бастады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларын қабылдауды бастады.

Хабарламаларды қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы қаңтардағы бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Коммерциялық емес ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны  «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық түрде немесе келесі мекен-жайда орналасқан: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 5 кіреберіс, А013 кабинеті (Рұқсаттама бюросы) реттеуші органның кеңсесіне қағаз түрінде жібереді.