
ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды қадағалау мәселері жөніндегі ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасының жұмысын қабылдады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрілік заттардың бағасын реттеу.
Аталған заң жобасы ҚР Президентінің ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауына сәйкес әзірленді.
Заңжобасын әзірлеудің негізгі мақсаты -медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттардың қолжетімділігін экономикалық қамсыздандыру, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін, дәрілік заттардың оңтайлы қолданылуын және жоспарлау жүйесін жетілдіруді, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар денсаулық сақтау теxнологиясын кешенді бағалаудың негізінде іріктелетін болады. Формулярды жүйесі арқылы пайдаланудың талдауын және бағалау жүйесін, этикалық жетілдіру Кодексін енгізе отырып, дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Заңжобасымен 14 заңнамалық актіге түзетулер енгізіледі, оның ішінде Салық, Қылмыстық, Кәсіпкерлік кодекстері, xалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі.
Заңжобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлу талап етілмейді.
Анықтама үшін: Аталған заң жобасына енгізілген негізгі өзгертулер - бұл 2018 жылдың 1-ші қазан айынан бастап шекті бағаны бекіту жолымен барлық дәрілік заттардың бағасын реттеуді енгізу, дәрілік заттарды жетілдіруде этикалық ережелерді енгізу, мемлекеттік тіркеу жағдайын жетілдіру, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды электронды сатып алуға көшу болып табылады.