ШҚО ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ШОЛПАН АУЫЛЫНДА А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІ БОЙЫНША САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ШҚО ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ШОЛПАН АУЫЛЫНДА А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТІ БОЙЫНША САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО Үржар ауданының Шолпан ауылында А вирусты гепатитінің жаңа жағдайлары тіркелмегендігін хабарлайды.

Бұл ауылда 2017 жылы және 2018 жылдың өткен кезеңінде орта мектептің

11 оқушысы және 1 ұйымдастырылмаған баланың ауыру жағдайы тіркелген.

Барлық қарым қатынаста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау ұйымдастырылды. Құрамында педиатр, инфекционист, эпидемиолог дәрігері бар аудандық мамандар бригадасы қосымша аптасына бір рет шығады. Ауылда АВГ тіркелуі жағдайына байланысты ауданның медициналық қызметі Үржар аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, эпидемияға қарсы және емдеу іс-шараларын жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелері АВГ барлық ошақтарына эпидемиологиялық тексеру және Шолпан ауылының дәрігерлік амбулаториясына, Жүзағаш орта мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мамандарға тәжірибелік көмек көрсету және өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылау мақсатында ШҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының Үржар аудандық басқармасына шығуы ұйымдастырылды.

Мектеп және үй ошақтарынан 62 ауыз су сынамалары алынды. Оқу орнында, үй ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары, мектептің сумен жабдықтау жүйесін, ошақтарда барлық су сақтайтын сыйымдылықтарды жуу және залалсыздандыру жүргізілді. Ауыз су сынамаларын қайта алу және кейіннен қайта алу кезіндегі нәтижесі теріс болды.

Қазіргі уақытта мектепте ауыз суды пайдалануға тыйым салынды, мектеп оқушылары бөтелкедегі ауыз суды пайдаланады. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар тоқтатылды және оқытудың кабинеттік жүйесі алынып тасталды.

Аудан әкімі, ауылдық округ әкімі, бас дәрігердің орынбасары, аудандық ОАА мамандары және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. қатысуымен ата-аналардың 2 жиналысы және азаматтырдың 1 жиыны өткізілді, онда ата-аналарға вирустық А гепатитін алдын алу мәселелрі бойынша түсіндірме берілді.

Айта кететіні, 2017 жылғы қыркүйектен бастап аурудың барлық жағдайлары әр түрлі айларда әр түрлі сыныптарда бірлі-жарым жағдайы тіркелген. А гепатиті тіркелген кезде қыркүйек айында санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бұзғаны үшін Жүзағаш орта мектебінің директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта алдын алу мақсатында А вирусты гепатитіне қарсы 140 балаға екпе егілген, оның ішінде 59 баланың АВГ-нен 2 реттен вакцинациясы бар. Сондай-ақ, ата-анасында демалыста болған 3 студент егілген.

Туындаған жағдайды анықтау үшін ШҚО комиссия шықты, оның құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығының сарапшылары кірді. Бұл жағдай Министрліктің бақылауында.