
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 12 қаңтардан азаматтардан түскен шағымдар бойынша өңдеу жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда мемлекеттік органның электрондық поштасына дәрілік қамтамасыз етуге қатысты 100-ден астам шағым келіп түсті. Оның ішінде 46 пациент өзінің деректерін толық көрсетті, бұл медициналық ұйымдармен бұл мәліметтер пысықтауға мүмкіндік береді. Негізінен медициналық препараттардың жетіспеушілігі Алматы және Астана қаларында, Шығыс Қазақстан облысында байқалады.
Келіп түскен өтініштерді өңдеу кезінде негізделген және негізделмеген шағымдарға талдау жүргізілуде, сондай-ақ СҚ-Фармацияның бірыңғай дистрибьюторының қоймаларындағы дәрілік заттардың болуы тексерілуде.
Одан басқа, амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етпеуге қатысты келіп түскен азаматтардың өтініштеріне байланысты өңірлердің Денсаулық сақтау басқармаларына 2018 жылғы қаңтар-ақпанда бөлінген қосымша қаржы қаражатының есебінен сатып алынған дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етуді қарау және ол бойынша шаралар қабылдау туралы хат жіберілді.