Мерзімінен бұрын Тайландта туылған нəресте қыздысанитарлық авиация күшімен Отанына жеткізді

Мерзімінен бұрын Тайландта туылған нəресте қыздысанитарлық авиация күшімен Отанына жеткізді

2018 жылғы 6 қаңтарда отбасылық демалыста Тайландта болған Қазақстан Республикасының азаматшасында мерзімінен бұрын босану басталды. Шала туылған баланың денсаулық жағдайына сай, жеті айлық сəби 1430 грамм салмағымен дүниеге келді. Барлық қажетті медициналық құжаттарды алғаннан кейін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық санитарлық авиация орталығы» мен ҚР Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, жаңа туылған нəрестені жəне оның анасын Отанына тасымалдау үрдісін ұйымдастыра бастады.

2018 жылғы 16 қаңтарда қажетті медициналық жабдықтармен жарақталған, санитарлық авиация қызметінің мобильдік бригадасының алып жүруімен, мамандандырылған санитарлық авиация бортымен нəресте қыз анасымен стационар жағдайында бұдан əрі қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қаласының «Перинатология жəне балалар кардиохирургиясы

орталығына» сəтті тасымалданды. Қазіргі уақытта, сəби орталықта дəрігерлердің қарамағында жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, санитарлық авиацияның құрылған мерзімінен бастап, 5 жыл ішінде шет елден Отанымызға ауыр халде болған 40 азамат тасымалданды. Барлық жақын жəне алыс шетелдерден болған медиициналық тасымалдаулар республикалық бюджеттің қаражат есебінен жүзеге асырылды.