
2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша меншік нысанына қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмекті көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі медициналық ұйымдардың рейтингілік бағалау нәтижесі жарияланды.
Осы бағалауды жүргізудің негізгі мақсаты өңірлердегі денсаулық сақтау жағдайы және көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы ақпаратқа пациенттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің дамуы арқасында азаматтар дәрігерді және медициналық ұйымдарды еркін таңдауға мүмкіндік алды. Денсаулық сақтау министрлігімен жүргізіліп жатқан ТМККБК шеңберінде медициналық көмекті көрсететін барлық деңгейдегі медициналық ұйымдардың рейтингілік бағалауы денсаулық сақтау саласында бәсекелестік ортаны дамытуға және пациенттермен медициналық ұйымдарды еркін таңдауға бағытталған. Бағалау сыртқы, ішкі аудит және пациенттердің сын пікірлері негізінде жүргізілді.
2012 жылдан бастап жарты жылдың және жыл қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың қызметі бағаланатынын атап кету қажет. Рейтингті санау үшін индикатор ретінде көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын, пайдаланудың тиімділігін қоса алғандағы медициналық ұйымдардың қызметінің әртүрлі аспектілерін бағалау жағынан ең маңызды көрсеткіштер алынды.
2017 жылдың бірінші жартысы бойынша өңірлердегі медициналық ұйымдарды және ғылыми-зерттеу институттарын/ғылыми орталықтарын іріктеу қорытындысы бойынша жетекші және арттағы позициялар анықталды.
Медициналық ұйымдардың қызметін бағалау мынадай топтар арасында жүргізіледі: ересек облыстық көпсалалы стационарлары және балалардың көпсалалы стационарлары; ересек қалалық көпсалалы стационарлары және балалардың көпсалалы стационарлары; өңірлендірудің 2-ші және 3-ші деңгейдегі перзентханалары; аралас қалалық емханалар; отбасылық денсаулық орталықтары; консультативтік-диагностикалық орталықтар; онкологиялық, психиатриялық, дерматовенерологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық диспансерлер; ғылыми зерттеу институттары, ғылыми орталықтары.
Бағалау нәтижелерімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің http://www.mz.gov.kz және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының http://www.rcrz.kz ресми сайттарында танысуға болады.