ҚР ДСМ РЭДСО халықтың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізді

ҚР ДСМ РЭДСО халықтың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізді

2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдарында халықтың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Денсаулық сақтау министрлігі көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттануын бағалау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Сауалнамада амбулаториялық-емханалық көмек және стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін бағалау бойынша сұрақтар көзделді.

Сауалнама анонимділік сақтала отырып, ерікті негізде жүргізілді. Жалпы алғанда республика бойынша 211 526 адам сұралды, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттарын, ұлттық орталықтарды қоса алғанда, стационарларда 32 882 респондент, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында 178 644 респондент.  

Жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша елімізде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану көрсеткіші 54,4 %-ды құрады.

Көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен деңгейіне барынша жоғары жалпы қанағаттану деңгейі Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында байқалады. Батыс Қазақстан облысында және Алматы қаласында ең төменгі деңгейде.

Сауалнаманың нәтижелері шұғыл және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін халықтың қанағаттану деңгейін анықтауға және  қорытындысында өңірлердің медициналық ұйымдарындағы медициналық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.