А. Цой ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесіне қатысты

А. Цой ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесіне қатысты

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің төртінші кеңесіне қатысты.

Кеңес барысында Тәжікстан Республикасының 2020-2021 жылдардағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуінің қорытындылары шығарылды, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі COVID-19 дамуына байланысты ағымдағы жағдай зерделенді және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспарының жобасы талқыланды.

Өз сөзінде А.Цой ШЫҰ Хатшылығын және мүше мемлекеттерді ұйымның құрылуының 20 жылдығымен құттықтады. Осы уақыт ішінде ШЫҰ үлкен жолды жүріп өтті және ең табысты халықаралық ұйымдардың біріне айналды және көптеген жылдар бойы covid-19 пандемиясын қоса алғанда, жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудің тиімді жолдарын бірлесіп іздеу алаңы болып табылады.

«Коронавирустық індет ШЫҰ елдері ынтымақтастығының бірлігі мен беріктігін, инфекциямен күресте тиімді өзара іс-қимыл мен қолдауды көрсетті. Айта кету керек, 2021 жыл Қазақстан үшін де, бұрынғы Кеңес Одағының кейбір елдері үшін де, соның ішінде Тәжікстан үшін де мерейтойлық жыл болып табылады», - деп атап өтті Министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, денсаулықты қорғау Қазақстан басшылығы ерекше назар аударатын негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бұған денсаулық сақтауға арналған мемлекеттік шығыстарды кезең-кезеңімен ұлғайту және оларды 2025 жылға қарай ЖІӨ-ден 5% -ға дейін жеткізу дәлел бола алады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай МСАК пен қоғамдық денсаулыққа жұмсалатын шығыстардың үлесі 60%-ға дейін жеткізілетін болады.

Сондай-ақ, А.Цой әріптестерін ҚР-дағы covid-19 бойынша ағымдағы эпидемиологиялық ахуал және жүргізіліп жатқан вакцинация туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта елімізде азаматтарды вакцинациялау үшін вакциналардың 4 түрі қолданылады: «Спутник V», Қазақстандық «QazVac», «Hayat-Vax» және «КоронаВак» вакциналары.

Нұр-Сұлтанда коронавирустық инфекциямен ауырғандардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР-скринингінің нәтижелері бойынша дельта штаммына немесе үнді штаммы деп аталатын мутация ықтималдығы анықталды.

«Үнді штаммына тән жұқпалы, ағымның ауырлығы мен клиникасы бойынша қолда бар деректерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың, ӨЖЖ арналған шығыс материалдарының, жеке қорғаныс құралдарының, резервтік төсек қорының жеткілікті қорын, сондай-ақ жедел жәрдем қызметі мен мобильдік бригадалардың КВИ бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз етеді», - деді А.Цой.

КВИ пандемиясымен күрес шеңберінде жедел медициналық көмек қызметінің автопаркі үшін қосымша 1 167 бірлік автокөлік сатып алынды, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында шалғайдағы ауылдық елді мекендерде қосымша 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, дәрілік қамтамасыз етумен іркілістерді болдырмау үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында айына 60 мың пациентті қамту үшін 6 млрд.теңгеден астам сомаға COVID-19 емдеуге арналған дәрілік заттардың 38 позициясы бойынша препараттардың 2 айлық қоры қалыптастырылды. Қазіргі уақытта зертханалық ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 123 мыңға дейін жеткізілді. Бұдан басқа, қалаларда уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульдік инфекциялық аурухана салынды, 36 мыңға жуық төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілді, медициналық ұйымдардың ӨЖЖ аппараттарына қажеттілігі толық қамтамасыз етілді.

«Бүгін бүкіл әлем вакциналау ғана бәрімізге үйреншікті өмірге карантинсіз оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданды: 1 мыңнан астам жылжымалы егу пункттері ашылды және 400-і іске қосылды. Жаппай вакцинациялауға 11 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды. Вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деді Министр.

Сондай-ақ, А.Цой ҚР-да коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттамаларды әзірлеу, «Ashyq» қосымшасын және вакцинациялаудың электрондық паспортын енгізу туралы айтып берді.

ШЫҰ шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ инфекциялық ауруларға байланысты сақталып отырған жаһандық сын-қатерлерді одан әрі ілгерілету мақсатында А.Цой Денсаулық сақтау министрлерінің қабылдаған қорытынды мәлімдемесін қолдады және оның ережелерін іске асыруға өзінің ниетін білдірді. Көпжақты ынтымақтастықты дамытумен қатар, ол халықаралық ұйымдармен, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған негізгі шаралар жоспарының қабылдануын құптайды, оны іске асыру өңірдің денсаулық сақтау міндеттерін шешуге үлес қосады.