
2017 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде өткен салтанатты жиында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің қызметіне қорытындыланды.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және республикалық деңгейде бюджеттік қаражатты шоғырландыру 2009 жылы осы Комитетті құрудан басталды, деді. БҰДСЖ кезең-кезеңмен енгізу пациентке дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауға, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын құруға, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуге бағытталған медициналық ұйымдардың жұмысын жақсартуға мүмкіндік берді.
Ол Комитеттің бірінші төрағасы, марқұм Салидат Қайырбекованың ведомствоның құрылуына қосқан үлесін айрықша атап айтты және БҰДСЖ құрылуына барлық ат салысқан денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу үшін платформаны жасауда қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.
Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы Ботагөз Жақселекова медициналық қызметке ақы төлеу жүйесін дамытудың негізгі кезеңдеріне тоқталды. Медициналық қызметке ақы төлеу мәселелері бойынша негізгі нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау, ТМККК шеңберінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті көрсетуге арналған алғашқы сатып алынған медициналық қызметтер, санавиация, «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық поездары, «жаһандық бюджет» принципі бойынша ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыру және т.б. туралы айтып өтті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жоспарлы дайындық болғандығын атап айтты.
Жиының соңында Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, оның аумақтық департаменттерінің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосқан қызметкерлеріне Министрдің Алғыс хаты табысталды.