Бүгін ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, оның барысында халықты әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен, оның ішінде қазақстандықтардың жеңілдікті санаттарына жататындарды қамту мәселелері талқыланды.
«МӘМС енгізілуіне байланысты медициналық көмекті қаржыландыру өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 80%-ды құрады. Осы қаражат есебінен еліміздің сақтандырылған халқы 81 млн мамандар консультациясын және диагностикалық қызметтерді ала алады, бұл 2020 жылға қарағанда 25% - ға артық, оның ішінде 930 мың қымбат тұратын зерттеулер (КТ/МРТ), медициналық оңалтудың 1 млн.-нан астам қызметі 3 есе өсумен, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қолжетімділік 30,9% - ға артады, - деп атап өтті өз сөзінде денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Марат Шоранов.
Алайда, М.Шорановтың айтуынша, медициналық көмекке қолжетімділігі шектеулі МӘМС жүйесімен қамтылмаған тағы 3,2 млн. қазақстандық қалып отыр, олардың 1,7 млн. адамы жарналарды тұрақты негізде төлемейді, 1,5 млн адам бірде-бір төлем жасаған жоқ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежановтың ақпараты бойынша, 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар саны 15,8 млн адамды немесе ҚР халқының жалпы санының 83,1% - ын құрайды.
Өңірлер бөлінісінде сақтандырылған халықтың ең аз саны Қостанай облысында – 77%, Түркістан облысында – 78%, Алматы облысында – 78% байқалады.
Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының арқасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған санатқа жататын 1 млн-нан астам азаматты МӘМС жүйесімен сәйкестендіру және қамту мүмкін болды. Осылайша, 2020 жылы МӘМС жүйесіне бұрын қатыспаған 1,7 млн адам БЖТ-ны жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге төледі.
ВАК отырысы барысында медициналық сақтандыру жүйесіне жұмыссыз азаматтарды және басқа да жеңілдік санаттарының өкілдерін – отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерді, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, бала күтімі бойынша демалысқа шығатын ата-аналарды тарту мәселелері белгіленді.
Жұмыс берушілердің аударымдар мен жарналарды уақтылы төлемеуінен берешек пайда болатын жалдамалы жұмыскерлердің жүйеден кету тәуекелі талқыланды. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитетіне жалдамалы қызметкерлер бойынша МӘМС уақтылы төлеу бөлігінде жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау және ай сайынғы негізде төлеушілер бөлінісінде берешекке мониторинг жүргізу тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне қатысуға тарту бойынша атаулы шаралар жүргізу, кейбір орталық мемлекеттік органдарға азаматтардың жеңілдікті санаттарының дерекқорын сәйкестендіру және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.