Қазақстанда КВИ вакцинациясының қарқыны аптасына 1,6 есеге артты - А. Цой

Қазақстанда КВИ вакцинациясының қарқыны аптасына 1,6 есеге артты - А. Цой

Елде коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынының айтарлықтай өсуі байқалады, сондықтан өткен аптада вакцинацияланғандардың саны 1,6 есе, 254 мыңнан 405 мыңға дейін өсті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

«Халықты вакциналау жалғасуда, шамамен 5,2 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компонентпен 3 246 795 адам немесе тиісті халықтың 32,8% егілді. Екінші компонентпен 1 954 372 адам қамтылды», - деді А.Цой.

Оның айтуынша, бүгінгі күні егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті саны бар: бірінші компоненттің шамамен 800 мың дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы. Вакциналарды аймақтарға жеткізу жалғасуда.

Вакцинациялаудың тиімділігіне талдау жүргізілді, мәселен, елімізде сәуір-маусым айларында вакцинацияланған адамдар санының 1,3 млн.-нан 3,2 млн. адамға дейін өсуімен, бірінші дозамен вакцинацияланған адамдар аурушаңдықтың 2 есеге төмендегені байқалады (сәуір айындағы 78 мыңнан маусым айында 33 мыңға дейін).

«Осыған байланысты, штамм дельтасының пайда болуын және аталған штаммға қарсы вакциналардың тиімділігін зерттеуді ескере отырып, вакцинацияның елдегі эпидемиологиялық жағдайға оң әсерін тигізетінін атап өткен жөн, - деп түйіндеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Эпидемиологиялық ахуалды дамуы бойынша министр 26 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы қызыл аймақта, оның ішінде 5 өңір: Нұр-сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқанын хабарлады, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

«Соңғы аптада короновирустық инфекциямен сырқаттанушылық 39% - ға өскені байқалады. Республика бойынша 29 маусымдағы жұқпалы аурулар төсегі – 27% (7 125 төсек), реанимация төсегі – 24% (589 төсек)», - деді А.Цой.

Министрдің айтуынша, республика бойынша сырқаттанушылықтың өсуі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сырқаттанушылықтың 1,7 есе өсуіне байланысты, бұл республика бойынша жалпы сырқаттанушылықтың 43% - ын құрайды.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Нұр-сұлтан қаласында инфекциялық төсек – орын 65%, реанимациялық төсек – орын 74%, Алматы қаласында – 32%, реанимациялық төсек-орын 31% құрайды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халық көп жиналатын объектілердің қызметін шектеуге бағытталған қосымша шаралар енгізілді.

Сондай-ақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында аталған өңірлердің жоғары эпидемиологиялық аймаққа немесе қызыл аймаққа көшуіне байланысты қосымша шектеу шаралары қабылданды.