А. Ғиният Қазақстан жастары арасында психобелсенді заттарды қолдану мәселелері бойынша вебинарға қатысты

А. Ғиният Қазақстан жастары арасында психобелсенді заттарды қолдану мәселелері бойынша вебинарға қатысты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Вице-министрі Ажар Ғиният БҰҰ ЕҚБ-нің Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Миттал ханыммен, БҰҰ ЕҚБ-нің Пәкістан Ислам Республикасындағы өкілімен, бағдарламаның аға үйлестірушісі Джереми Милспен, Ауғанстан Ислам Республикасы бағдарламасының Ұлттық үйлестірушісі Насратулла Заргхун мырзамен бірлесіп, Қазақстан жастары арасында психобелсенді заттарды пайдалануды зерттеу және денсаулық мәселелері бойынша есеп шығаруға арналған вебинарға қатысты.

Онлайн-форум жұмысына UNODC, UNAIDS, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі, БҰҰ Балалар Қорының (UNICEF) Қазақстандағы Өкілдігі, ҚР Денсаулық сақтау, ӘІшкі істер, Білім министрліктері, психикалық денсаулық және ЖИТС орталықтары, Назарбаев Зияткерлік мектебінен 150-ден астам маман қатысты.

Іс-шара дәстүрлі түрде 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық есірткі құралдары мен олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған.
Өзінің құттықтау сөзінде вице-министр Қазақстан 2015 жылы Алматы қаласында құрылған батыс және Орталық Азия елдерінің есірткіге сұранысты қысқарту саласындағы үйлестіру орталықтарының өңірлік желісінің жұмысына белсенді қатысып отырғанын атап өтті.

Бағдарламаның қолдауымен тәуелділерді оңалту, зиянды азайту, Тәуелділікті емдеу және алдын-алу бағдарламалары бойынша тәжірибе алмасу турлары жүзеге асырылады.

Қазақстандық денсаулық сақтау мамандары БҰҰ ЕҚБ және ДДҰ халықаралық стандарттары бойынша есірткіні қолдануға байланысты ауытқулары бар балалар мен әйелдердің алдын алу, емдеу бойынша оқудан өтіп, өтуде.
Вебинар барысында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылды (http://mentalcenter.kz), Ауғанстан бойынша Өңірлік бағдарламамен және БҰҰ ЕҚБ елдерімен бірлесіп 128 мектеп пен 64 колледжден 10 мың респондент қатысты. Зерттеуде алғаш рет «әлеуметтік байланыстарды кеңейту» жаңа әдісі қолданылды. Ол әлеуметтік стигматизацияланған мінез-құлыққа бейім жасырын топтарды бағалайды және сәтті нәтиже береді.

«Соңғы зерттеуден бері 6 жылдан астам уақыт өтті және бұл зерттеу дер кезінде жүргізілді, осы зерттеудің нәтижелері тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін де, есірткі бағасының ауысуын, жастар арасында синтетикалық есірткі құралдарын пайдаланудың басымдығын, цифрлық технологиялардың, интернеттің дамуын, ақпарат алмасу мен ағынның өзге деңгейін, сондай-ақ оның жастардың психикалық денсаулығына әсерін ескере отырып, психоәлеуметтік аспектілердің өзгеруі ескеріліп, маңызы зор», - деді Ажар Гиният.

ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасында психобелсенді заттарды қолданудың анықталған корреляттары мен болжамдарын ескере отырып, елдегі пәрменді профилактикалық бағдарламалардың негізіне айналатынына сенім білдірді.