
2017 жылғы 25 қарашада Маңғыстау облысы Теңге ауылында болған ЖКО нәтижесінде 36 адам зардап шекті, оның ішінде 20 балалар және 16 ересектер. Алған жарақаттар нәтижесінде 9 адам орнында қаза тапты, оның ішінде 1 бала бар. Зардап шегушілерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Осы 25 қараша күні 1969 жылы туған 1 пациент Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасының Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне санитариялық авиация күшімен тасымалданды.Қалған 26 адам әртүрлі дәрежедегі алған жарақаттарымен Жаңаөзен қаласының Орталық қалалық ауруханасына емдеуге жатқызылды, оның ішінде 9 адамға операция жасалды.
Жаңа өзен қаласының Орталық қалалық ауруханасындағы барлық пациенттерге бетпе бет консультациялық көмек көрсету үшін Астана қаласының медициналық ұйымдарынан 2 дәрігер-травматолог жолданды. Мамандар пациенттерді бұдан әрі емдеу үшін ұсыныстар берді.
2017 жылғы 26 қарашада 2011 және 2007 жылдары туған тағы екі пациент Ақтау қаласының Облыстық балалар ауруханасына санитариялық авиация күшімен тасымалданды. 24 пациент Жаңаөзен қаласының Орталық қалалық ауруханасында емделуді жалғастыруда.
Барлық зардап шегушілер мамандардың бақылауында.