
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік балалар күнін атап өту аясында БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігімен бірлесіп, «Болашақ медицинасы» тақырыбына байқау жариялайды.
5-18 жас аралығындағы балаларды «Болашақ медицинасы» тақырыбында үздік эссе немесе бейнеоролик (1-2 мин) әзірлеп, байқауға қатысуға шақырамыз. Шығармашылық жұмыстар 2017 жылғы 21 қараша сағат 12.00-ге дейін қабылданады. Үздік нәтижелер 2017 жылғы 21 қарашада жарияланады. Бас бәйге – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен кездесуге шақыру және Астана қаласындағы таңдаулы республикалық медициналық ұйымдардың біріне экскурсия.
Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі барлық жұмыстарды minzdrav2017@gmail.com электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 7172 742958.