
ҚР Денсаулық сақтау министрі ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Мемлекет басшысының бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жауапкершілігін арттыруда тиісті бұйрыққа қол қойды.
Бонус жүйесі, аға қызметкерлерге сыйақы жоспарланған KPI - ға қол жеткізуді және компанияның жылдық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау нәтижелері негізінде төленуін қарастырады.
Сонымен қатар, жылдық қорытынды нәтижесінде KPI-ға қол жетпеген жағдайда, сондай-ақ пайда болмауына байланысты, кəсіпорындардың аға қызметкерлеріне сыйақы төленбейді.