Халықты тіркеу науқаны жалғасуда

Халықты тіркеу науқаны жалғасуда

Елімізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық мекемелерге (Емxаналар, Отбасылық денсаулық орталықтары) азаматтарды тіркеу науқаны жалғасуда. Осыған орай, өз құжатыңызбен (балалар үшін туу туралы куәлігі) келіп, бас дәрігердің атына өтініш қалдыра аласыз. Дәл осы күні тіркеу рәсімі іске асырылады.

Екінші тәсіл - egov.kz  порталы арқылы сұранысты қалдыруға болады. Тіркеу туралы ақпаратты "Денсаулық" бөлімінен біле аласыз. 

Сондай-ақ, әр өңірде байланыс орталықтары іске қосылған. Осы орталықтарға қоңырау шалу арқылы сізді толғандырған сауалдарға толық жауапты және қажетті көмекті ала аласыздар.

Әрбір азамат тек бір ғана емxанаға тіркеле алады және бір уақытта бірнеше емxанаға тіркелу мүмкін еместігін ескертеміз. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне азаматтарды жаңадан тіркеген мезетте осы уақытқа дейін тіркелген емxанадан автоматты түрде "Халықты тіркеу регистрі" мәліметтер жинақ порталы арқылы шығарылады. Медициналық көмек алу мақсатында өз емxанаңызды таңдау барысында тұрғылықты жеріңізге жақын орналасуын ескере кеткеніңіз жөн.

Тұрғылықты жеріңізге жақын орналасқан емxана сізге және аймақ дәрігеріне өте оңтайлы болатынын ұмытпаңыз! Денсаулығыңыз бойынша шақырылған аймақ дәрігері жедел түрде келіп, сапалы әрі уақытылы медициналық көмек бере алады.

Тіркеу науқаны ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.