
Орталық коммуникациялар орталығында бизнесті қолдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қабылданып жатқан шаралар жөніндегі мәселелерге арналған баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шараға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ Жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев қатысты.
«Комитеттің алдына бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды және жемқорлық тәуекелдері олардың сараптамасы негізінде азайту бойынша міндеттер қойылды», - деді Жандарбек Бекшин.
Жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау, білім беру және көрсетілетін қызметтер саласындағы ескірген және қайталанатын 29 санитариялық қағиданың күшін жойды.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің деректері бойынша бұрын барлық тексерілетін объектілерге 83 тармағы бар, қызметтің түрін ескерместен (мысалы, қоғамдық тамақтану немесе өнеркәсіптік объект, не денсаулық сақтау объектісі және т.б.), көптеген сілтемелік талаптарды (11 мыңға дейін) қамтитын 1 тексеру парағы бекітілген болатын. Осындай жағдай тексеру субъектілерінде бақылаушы органның алдында өздерінің осалдығын үзілді-кесілді қабылдау сезімін тудырды, сондай-ақ санэпидқадағалау органдарының бақылау жүргізуі кезінде белгілі бір сыбайлас жемқорлыққа байланысты қауіп-қатерге ие болды. Осылайша, субъектілердің (объектілердің) атаулары бір топтарына қолданылатын жекелеген тексеру парақтары әзірленіп, бекітілді. Осы ұсынымдарды іске асыру үшін қызмет салалары бойынша 41 тексеру парағы қабылданды.
Тексеру парақтарында талаптардың 6,3 есе қысқартылғанын (11000-нан 1740-қа дейін) және тек процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды ғана қамтитынын атап өту қажет.
Осылайша, Комитеттің ақпараты бойынша бизнесті тексерулер саны 1,7 есе қысқартылды, бұл 1500 денсаулық сақтау объектісін және 400 зертхананы бақылаудан алуға мүмкіндік берді. Қабылданып жатқан шаралар бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге және кәсіпкерлердің шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Екі жыл ішінде осындай шаралар тәуекелдерді эпидмаңыздылығы бойынша қайта сыныптау есебінен берілген рұқсат ету құжаттарының санын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Оның ішінде 2017 жылы (9 ай ішінде) рұқсат ету құжаттарының саны 14,9%-ға қысқарды.
Денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін дәрілік заттарды дайындайтын объектілерге қойылатын талаптар 4,6 есеге, стаматологиялық қызметтер көрсететін объектілерге қойылатын талаптар 2,2 есеге, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек және стационарлық көмек көрсететін объектілерге қойылатын талаптар 1,4 есеге және 1,3 есеге қысқарды. Сонымен қатар басқа НҚА-дегі қайталанатын талаптарды алып тастау бойынша жұмыс жүргізілді.
2017 жылдың соңына дейін 11 санитариялық қағиданы қайта қарау және тағы 12-сін олардағы талаптарды оңтайландыру және ырықтандыру арқылы 2018 жылдың 1 жарты жылдығында бекіту жоспарлануда.
Санитариялық қағидаларға енгізілген түзетулердің жалпы эпидмаңыздылығы елеусіз объектілерге арналған санэпидқорытындының талаптарын алып тастауға қатысты болғанын атап өту қажет.
Қаржыны үнемдеу және шығынын төмендету мақсатында талаптарды қысқарту жағына қарай оларды оңтайландыру жүргізілді. Мысалы, денсаулық сақтау саласындаға ШОБ субъектілері үшін жеке үй-жайлар (санитариялық бөлмелер, киім-кешекті жуатын және кептіретін, медқалдықтарды сақтайтын үй-жайлар, ) бойынша талап қысқартылды.
Жаңа технологияларды енгізуге байланысты гемодиализ, дерматология-косметология, пластикалық-эстетикалық хирургия сияқты қызметтерге қойылатын қосымша санитариялық талаптар әзірленді, талаптар сондай-ақ оңалту орталықтарына, оның ішінде паллиативтік көмекті және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдарға қатысты болды. Жаңа қағидаларды қабылдау денсаулық сақтау саласындағы шағын бизнесті дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды жоюға ғана емес, сонымен бірге халық үшін медициналық қызметтерді көрсету сапасын жақсартуға, денсаулық сақтау саласындағы жеке секторды дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды алуға және денсаулық сақтау саласындағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бизнестің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Комитет ерекше тәртіп бойынша тексерулерге балама ретінде санитариялық-эпидемиологиялық аудит туралы түсіндіру жұмысын жалғастыруда. Объекті санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы тәуелсіз аудиторлық ұйымның қорытындысын алған жағдайда, объекті меморган жүргізетін ерекше тәртіп бойынша тексеруден босатылады. Осындай шаралар нспекторларға ресми емес ақы төлеуді болдырмауға, сондай-ақ объектіні жобалау сатысынан бастап пайдалануға енгізу сатысына дейін сүйемелдей отырып, консультация алуға мүмкіндік береді.
Тұтынушымен кері байланысқа назар аудару керек, себебі тұтынушылардың өтініштері қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орындарын бағалаудың негізгі көзі болып табылады. Бүгінгі күні қоғамдық тамақтану объектілері үшін 50 отыратын орыннан кем және сауда объектілері үшін 50 шаршы метрден кем объектілер бақылаудан шығарылды. Бұл ұсақ объектілер эпидемиологиялық тәуекелі елеусіз топқа шығарылды – бұл дәмханалар, тандыр пісіретін, шағын дәмханалар, бистро. Сонымен қатар шағын көтерме сауда объектілері толығымен бақылаудан алынды, осылайша көтерме сауда қоймалары назарға алынды, себебі барлық өнім сол жерге түсіп, содан кейін сауда орындарына жіберіледі.
«Халық біздің оларды жоспардан тыс тексеру форматында өтініш түскен кезде бақылайтынымызды білуі тиіс», - деп атап айтты Жандарбек Бекшин.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, сауда саласында камералдық бақылау және өнімдерді іріктеп алу жүргізілуде. Яғни, мақсатты түрде тексеруге сапасыз өнім анықталған объектілер тексеріске алынды. Ерекше тәртіп бойынша бақылаудың осыған ұқсас балама түрлерін одан әрі енгізу есебінен тексерулер саны 2 есеге қысқартылады.
Сондай-ақ ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин «Қайта реттеу» жобасы шеңберінде Бас прокуратураның Құқықтық стаистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп жергілікті жерлерде КСОБТ (Кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі) жүйесімен интеграциялауды көздейтін инспекторлардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс (ІІМ-не ұқсас) жүргізіліп жатқанын айтты.
Дербес планшеттер арқылы онлайн режимде тексеруді тіркеу, тексеру парақтарын толтыру тексеру жүргізу кезінде инспекторлар жұмысының айқындылығын қамтамасыз етеді және сонымен бірге тексеру нәтижесін түзетудің мүмкін болмауына байланысты сыбайлас жемқорлық факторларын болдырмайды, сондай-ақ Құқықтық стаистика және арнайы есепке алу комитетінде тексеруді тіркеуге және оның нәтижесін ресімдеуге кететін уақытты қысқартады.
Қорытындылай келе Бекшин бизнесті қайта реттеу процесінің мемлекет, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерінің тең сақталуын ескере отырып, халық үшін қауіпсіздік және қолайлылық деңгейін төмендетусіз өтетінін атап өтті.