
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық аллергологтары мен иммунологтарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Зор денсаулық, шығармашылық ізденістер, мол табыс, бақыт және отбасыларына құт-береке тілейміз! Анықтама: «аллергия» термины алғаш рет веналық педиатр Клеменс Фон Пиркемен 1906 жылы енгізілген болатын. Ол кейбір пациенттерде байқалатын симптомдар – шаң, өсімдіктердің шаңы және тамақтың кейбір түрлері сияқты белгілі заттарға - қоршаған ортадағы аллергендерге байланысты екенін байқады. Көп жылдар бойы ерекше сезімталдық Е-иммуноглобулинның функциясының бұзылуына байланысты деп есептелген. Бірақ, көптеген химиялық заттардың қатысуы бұрын «аллергия» деп топтастырылған көптеген симптомдарға әкелетіндігі анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамаларына сәйкес, аллергиядан ғаламшардың әрбір бесінші тұрғыны зардап шегеді.