Бүгін Дүниежүзілік анестезиологтар мен реаниматологтар күні аталуда

Бүгін Дүниежүзілік анестезиологтар мен реаниматологтар күні аталуда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі барлық отандық анестезиолог және реаниматолог дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды. XIX ғасырдың басты жаңашылдықтарының бірі дәл осы анестезияның ашылуы болды, ол өз кезегінде медициналық зерттеулерді  ілгерілетуге, ота жасауда жаңа әдістер қолдануға және көпетеген адамдардың өмірін сақтауға айтарлықтай мүмкіндік берді.

Осы кәсіп өкілдерінің арқасында, 170-тен астам жыл  шамасында ең  күрделі хирургиялық оталарды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Сіздерге кәсіби қызметтеріңізге сәттілік, болашаққа сенімділік, мықты денсаулық, отбасылық амандық тілеймін!

Анықтама: 1846 жылы 16 қазанда медициналық студенттермен елеулі докторлар алдында аудиторияда анестезия тарихында алғаш рет – америкалық тіс дәрігері Уильям Мортон эфирлік наркозбен Гилберт Эббот атты пациентті ұйықтата отырып, мойнындағы обырын алып тастау отасын жасады. Мортон және оның мұғалімі, дәрігер, химик Чарльз Джексон пайдалануға ұсынған эфир, алғашқы анестезиологтар және наркоздың бірінші өнертапқыштар деп танылды. Бұл күні бүкіл әлемде анестезиологтар күні атап өтіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2730 - ға жуық анестезиолог – реаниматолог дәрігерлер бар.