
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымы өздерінің кәсіби дәрігерлік және азаматтық борышын атқару кезінде қайғылы қазаға ұшыраған профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Жәнібек Төкенұлы Артықбаевтың профессор, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Талғат Анапияұлы Патсаевтың туған-туыстарына, ағайын-бауырларына қайғырып көңіл айтады.
Олар өз ісінің кәсіби мамандары, басқалардың өмірін сақтауға ат салысамыз деп, өз өмірлерін қиды.
Біздің әріптестеріміздің қайғылы қазаға ұшырауы – орны толмас қаза. Мұндай ауыр да қайғылы қазаға көндігу мүмкін емес, бұл барша медицина қоғамы үшін қайғылы жағдай.