
Құрметті әріптестер!
Сізді және Сіздің ұжымыңызды Халықаралық дәрігерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл сайын қазан айының бірінші дүйсенбісінде әлемнің дәрігерлері бұл мерекені атап өтеді. Бұл күн әлем дәрігерлері ынтымақтастығының және белсенді іс-әрекеттерінің күні. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен атап өтілуде.
Дәрігердің міндеті аянбай еңбек етуді, адамдарға деген асқан мейірімділікті талап етеді. Ол өз өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін де жауапкершілікті мойынына алады. Адам денсаулығын сақтау көп жағдайда Сіздердің білімдеріңіз бен шеберліктеріңізге байланысты.
Денсаулық сақтау жүйесінің барлық жетістіктері бірінші орынға науқастардың мүдделерін қоятын дәрігерлердің адал еңбектерінің нәтижесі.
Мемлекет басшысы біздің алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына ену міндетін қойды, бұл экономиканың басқа да секторларымен қатар денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуды білдіреді. Мен қазақстандық дәрігерлер бұл міндеттерді орындайтынына сенемін.
Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Мықты денсаулық, отбасылық береке және қызметте табысқа жетулеріңізді тілеймін!