
29 қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық авиациясы Түркияда жол-көлік апатынан зардап шеккен Қазақстанның 3 азаматын Астанаға жеткізеді.
Бүгінгі күні пациенттерді Отанға тасымалдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық пациенттердің жағдайы аса ауыр емес, тұрақты деп бағалануда. Жеткізілгеннен кейін пациенттер Астанада Травматология және ортопедия ҒЗИ-да барлық қажетті білікті медициналық көмек алатын болады. ҚР тұрғындарына жедел медициналық көмек Санитариялық авиацияның күшімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетінін атап өту қажет.