ҚР ДСМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау тәртібін түсіндіру жөнінде құқықтық оқыту өтті

ҚР ДСМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау тәртібін түсіндіру жөнінде құқықтық оқыту өтті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтау тәртібін түсіндіру жөнінде құқықтық жалпы оқыту өтті.

 Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Асқар Рахматуллин шақырылды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды белгілейтін ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарының жалпы стандарттары және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары туралы айтып өтті. Ол жиынға қатысушылардың назарын кейінгі кезде мемлекеттік қызметшілердің арасында орын алып жүрген жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу мәселелеріне аударды. Агенттікте мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін фактілер бойынша мониторинг жүргізіліп, шара қабылданатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

ҚР Әділет министрлігінің өкілі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын түсіндірді.

Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мерзімін және қабылданған заңдарды іске асыруға ҚР Премьер-Министрдің өкімін орындауға қатысты соңғы өзгерістер туралы мәселелер талқыланды.