Лаура Ахметниязова ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры болып тағайындалды

Лаура Ахметниязова ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры болып тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Лаура Ахметниязова Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры болып тағайындалды. 

Ол 1993 жылы дәрігер мамандығы бойынша Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітірді.

Еңбек жолын 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының клиникалық ординаторы болып бастады.

1997 жылдан 2000 жылға дейін Медициналық сақтандыру қорының бас маманы, 2000 жылдан 2005 жылға дейін – ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

 2005 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметті бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы, 2006 жылы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметті бақылау комитетінің бөлім бастығы болып тағайындалды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ сапа жөніндегі менеджері болды.

2009 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басқарма басшысы, 2011 жылдан 2013 жылға дейін  - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2013 жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрайымы, 2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.»