
Әртүрлі этиологиядағы ұршықбуын патологиясының ауыр түрімен ауыратын пациенттердің белсенді өмірге оралуы денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Зақымдану жиілігі бойынша ұршықбуын барлық ортопедиялық паталогияның үлесіне 1% -дан 8,1% дейін келетін ірі буындардың арасында бірінші орын алады. Сараптама бағалары бойынша 1990 – 2020 жылдары остеоартрозы бар науқастар саны екі есе артады. Буындардың дегенеративті-дистрофиялық паталогиясы тек егде жастағы және қарт адамдарда ғана болмайтынын атап өту қажет. Буындар ауруы «жасарған». Олар 19 жастағыларда 0,1%, 29 жастан кіші жаста - 0,2% , 39 жасқа дейінгілерде - 3,5% тіркеледі, ал 50 жастан асқан пациенттерде олардың саны күрт артады.
Науқастардың ұршықбуынының зақымдалуы кезде мүгедектікке шығуы тізе буынының зақымдалуына қарағанда үш есе жоғары және тобықбуынның патологиясы бар пациенттерге қарағанда жеті есе көп. Ұршықбуын патологиясының кеңінен таралуы, ерте көрінуі және үдемелі ағыны отбасы қарым-қатынасына, пациенттің тұрмыс салтына әсер етеді, медициналық қана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік аспектілеріне де әсер етеді.
Бүгінгі күні эндопротездеу – ұршықбуын патологиясы кезінде әлемде кеңінен таралған операциялардың бірі. Жыл сайын әлемде 1,4-1,5млн. аса ұршықбуынын эндопротездеу орындалады.
2014 жылы, эндопротездеуге мұқтаж пациенттер санының өскенін ескере отырып, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты эндопротездеу және эндопротездеу салдары үш бөлімшелерінің (№№3, 4, 7 ортопедия бөлімшелері) базасында Республикалық эндопротездеу орталығы құрылды. Орталықта эндопротездеу бойынша жылына 1,5 мыңға жуық операция жүргізіледі. Орталыққа еліміздің барлық аймақтарынан ең күрделі клиникалық жағдайлары бар пациенттер жүгінетінін атап өту қажет.
2017 жылғы 12 қыркүйекте ТОҒЗИ-ға институттың бұрынғы пациентінің анасынан алғыс келді. Осы ерекше клиникалық жағдай туралы біздің оқырмандармен бөліспекпіз.
Пациент диагнозы – апластикалық анемия. Бұл аурумен пациент ұзақ жылдар бойы күресті. Ми кемігін трансплантациялау және ұзақ гормоналды терапия қан ауруынан жазылуға әкелді, бірақ ортанжіліктің оң жақ басшығының асептикалық некрозы, ортанжілік айдаршығының және сол жақ тізе буынының асықты жілігінің асептикалық некрозы дамыды. 20 жастағы пациент төсектен тұра алмай қалды, 3 айға жуық жүре алмады.
2017 жылғы көктемде ол ТОҒЗИ-ға келіп түсті. №4 ортопедия бөлімшесінің дәрігерлері оң жақ ұршықбуынын эндопротездеу отасын, үш ай өткен соң – сол жақ тізебуынын эндопротездеу отасын жасады. Алексей Белокобылов, Валерия Серикпаеваның кәсібилілігі мен тәжірибелілігінің арқасында пациент аяғына тұрып, физикалық белсенді болды.
Орталықтың негізгі қызметі – аурулар және жарақаттар салдары кезінде ұршықбуынын және тізебуынын эндопротездеу, ғылыми зерттеулерді жүргізу, өңірлермен білім беру және әдістемелік жұмыстар, асқынулар санын төмендету мақсатымен емдеудің бірыңғай әдістемесін өндіру, жақын және алыс шетелдердің бейінді ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.
Күшті әлеуеті бар орталық ұжымын медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Алексей Белокобылов басқарады. Жұмысқа ТОҒЗИ директоры, профессор Нұрлан Батпенов жетекшілік етеді.
Анықтама үшін: Орталықта алғашқы жай және күрделі, сондай-ақ тексеріс эндопротездеу орындалады. Мұнда ҚР азаматтары тегін медициналық көмектің берілген көлемі шеңберінде тізебуын және ұршықбуындарын эндопротездеу бойынша тегін медициналық көмек ала алады.
Осы уақытта ТОҒЗИ-да ең жақсы әлемдік өндірушілердің ұршық буын эндопротездерінің 30-дан аса үлгісі мақұлданған және енгізілген, 10 мыңнан аса ірі буындардың эндопротезі орнатылған. Белгілі үлгілермен қатар Нұрлан Батпеновтің үлгісі – «ҚазТОҒЗИ» цементсіз бекіту үшін ұршықбуын эндопротезінің жаңа үлгісі қолданылады. Ғалымдар ұжымымен ең жақсы әлемдік аналогтарға сәйкес келетін ұршықбуын эндопротезінің компоненттері жетілдірілді, олардың имплантациясының технологиясы әзірленді.
«Ұршық буын хирургиясында эндопротездеуді қолданумен инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы жұмыс үшін ғалымдар ұжымы (ТОҒЗИ директоры Нұрлан Батпенов, ортопедия бөлімшелерінің меңгерушілері Қайрат Ашимов, Алексей Белокобылов және Ерік Раймағамбетов, директордың клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Шалғынбай Баймағамбетов және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Қуаныш Оспанов) 2015 жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.