Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды

Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін елімізде аталып өтетін Мемлекеттік қызметші күні орай өткізілген шара аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Жұмаділова Зәуреш Бапанқызы «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.

Зәуреш Бапанқызы өз еңбек жолын 1991 жылы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық станциясындағы аса қауіпті инфекциялар бөлімінің дәрігер-интерні ретінде бастаған болатын.

Комитеттің басқарма басшысының жоғары марапатқа ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ие болғандығы да мәнді оқиға.

Құрметті Зәуреш Бапанқызы! Сізді лайықты марапатқа ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызмет үздігі» төсбелгісі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ведомстволық наградасы.

Төсбелгімен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін кемінде 15 жыл мінсіз қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшілер марапатталады.