
Мемлекеттік қызметші күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Әлия Жамбаева марапатталды.
Жыл сайын мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Агенттік ерекше сіңірген еңбегі мен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ ерекше күрделі және маңызды тапсырмаларды табысты орындағаны үшін елдің үздік мемлекеттік қызметшілерін марапаттайды.
Әлия Саутқызын марапатымен құттықтаймыз! Денсаулық және кәсіби қызметте табыс тілейміз!