Қазақстанда ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалуда.

Қазақстанда ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалуда.

2017 жылғы 14 қыркүйекте Астанада ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері басшыларының, ДДҰ, халық-тұрғындар саласындағы БҰҰ Қоры және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы мемлекеттік қызметтерді алғашқы бағалау нәтижелері бойынша жиын өтті. Кездесуде ерте жастағы балаларды дамытуды бағалау, жетістіктер, негізгі мақсаттар мен практикалық ұсыныстар талқыланды. Зерттеулер Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының қолдауымен жүргізілді.

Тәуелсіз халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстандағы жүйелі деңгейде балаларды ерте дамыту саласындағы қол жеткізілген өзгерістерге жоғары баға берді. Елімізде қызметтерді және бағдарламаларды жетілдіру үшін шаралар қолданылып жатқаны атап өтілді. Нәтижесінде, ерте жастағы балалардың денсаулығының, тамақтануының жақсарғаны байқалып отыр.

«Баланың ерте жасы – бұл әрбір бала үшін үлкен мүмкіндіктерінің кезеңі, себебі жүктілік кезінде және өмірінің алғашқы жылдарында және өмір бойы денсаулығының және дамуының негізі қалыптасады», - деп атап өтті халықаралық сарапшы Тамар Гоцадзе.

Ерте жастағы балаларға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін Қазақстанда мониторинг жүйесін дамыту керек және орталық, жергілікті деңгейлерде денсаулық, білім беру, әлеуметтік қолдау секторларының арасында өзара іс-қимылды жақсарту қажет.

«БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры әрбір баланың дені сау және толыққанды өмір сүруге құқығы бар деп есептейді. Сондықтан жүйені одан әрі дамыту және ерте жастағы балаларды дамыту үшін сектораралық ынтымақтастықты жалғастыру үшін біз мемлекеттік бағдарламаларды бірлесіп бағалауды қолдадық»,- деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Кездесуге қатысушылар осындай бағалауларды жүйелі түрде өткізу қажеттілігін және халықаралық стандарттарға негізделген ерте жастағы балаларды дамыту саласындағы стартегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда басқарушылық әлеуетті дамыту қажеттілігін талқылады.

Қазақстанда ерте жастағы балаларға көрсетілетін қызметтерді бағалауын 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларының аралығында Астана, Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында 2010-2016 жылдарды қамтумен тәуелсіз халықаралық және ұлттық консультанттар өткізді.