Будапештте қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы Еуропа іс-әрекеттер жоспарларын жүзеге асыру нәтижелері қорытындылануда

Будапештте қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы Еуропа іс-әрекеттер жоспарларын жүзеге асыру нәтижелері қорытындылануда

11 қыркүйекте Будапештте ДДҰ Еуропа аймақтық комитетінің 67 сессиясы өз жұмысын бастады, ол қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта саласындағы ілгерілеу, сондай-ақ ДДҰ Еуропа аймағындағы мүше-мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестікті дамыту мәселелеріне арналған.

Шараға 600-ден аса қатысушылар – Еуропа одағының, Орталық және Шығыс Еуропаның, Кавказдың және Орталық Азияның 53 елінен келген денсаулық сақтау министрлері мен денсаулық сақтау саласының жоғары шенді өкілдері қатысуда.

Сессия жұмысын оның Жоғары мәртебелі Корольдігі, кронханшайым  Мэри Датская, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан және ДДҰ бас  директоры Тедрос Гебрейсус ашты.

Қазақстандық делегация құрамында Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және интеграция, Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментерінің,  Қоғамдық денсаулық сақтау  комитетінің және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басшылығы бар.

Сессия отырысында сөз алған қазақстандық делегация басшысы Алексей Цой Қазақстан Республикасы Үкіметінің ДДҰ саясатын қолдайтындығын және денсаулықты нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралар жайын айтып өтті. Ол Қазақстанда сектораралық деңгейде денсаулық сақтау саласын жақсарту мәселелерімен айналысатын Ұлттық үйлестіру кеңесі құрылғаны туралы мәлім етті.

 Алексей Цой 2018 жылдың қазан айында алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша қабылданған ДДҰ Алматы декларациясының 40-жылдығына арналатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғандығын хабарлады. Осыған байланысты сессия қатысушыларын Алматыға мерейтой шарасын атап өтуге шақырды. Сондай-ақ ол аталған декларация ережесін жаңарту туралы ұсыныс енгізді.

Төрт күндік бағдарлама аясында 2015-2020 жылдарға арналған тағам және тағам өнімдері саласындағы,  2012-2020 жылдарға арналған психикалық денсаулықты сақтау және зиянды алкоголь өнімдерін тұтынуды азайту жөніндегі Еуропа іс-әрекет жоспарларының жүзеге асырылу барысы туралы  есептері тыңдалады. Сессия делегаттарына аймақтағы халықаралық медициналық-санитарлық ережелердің орындалуы туралы қорытынды есеп те ұсынылатын болады.

Бұдан басқа, үміткерлерден Аймақтық комитеттің 4 атқарушы мүшесі және 4 тұрақты мүшесі таңдалады.