
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР-дағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ жаңа «Дельта» - штаммның айналымы және оның таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар туралы баяндады.
Қазақстанда 22 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 410 523 науқас және КВИ-мен 56 546 жағдай тіркелген. Республика сары аймақта, қызыл аймақта Нұр-Cұлтан қаласы қалады, қалған өңірлер сары және жасыл аймақтарда орналасқан.
«Соңғы аптада короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 4%-ға өсуі байқалады және өткен аптамен салыстырғанда Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген жағдайлар санының 40%-ға артуымен байланысты», - деді А.Цой.
Республика бойынша 22 маусымдағы жұқпалы аурулар төсек-орындары 25%-ды, реанимациялық төсек-орындар 21%-ды құрайды. Аурудың жоғары деңгейі байқалған 7 өңірде инфекциялық және реанимациялық төсектердің жұмыспен қамтылуының қысқаруы байқалады. Соңғы айда тәулік ішінде тіркелетін КВИ+ және КВИ жағдайларының саны 2 267-ден 943 жағдайға дейін немесе 2,4 есеге азайды, стационарлық емдеудегі науқастардың саны 2 есеге, амбулаториялық емдеуде 1,4 есеге азайды.
«ПТР жүргізген КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің скринингі нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласында «Дельта» штаммы – «Үнді штаммына» тән мутация ықтималдығы анықталды.
«Дельта» коронавирус штаммы жоғары жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы, ол 7 күнге дейін қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады», - деді А.Цой.
Соңғы зерттеулер көрсеткендей, «Үнді» коронавирус штаммы ауруханаға жатқызу және өлім жағдайларының жоғары ықтималдығымен байланысты. Сонымен қатар, буындар мен іштің қатты ауыруы, ішек ауру белгілері, есту қабілетінің жоғалуы сияқты жаңа клиникалық белгілер пайда болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша SARS-CoV-2 Дельта штаммы әлемнің 74 елінде анықталды.
«Үнді штаммына тән жұқпалы, ағымның ауырлығы мен клиникасы бойынша қолда бар деректерді ескере отырып, өңірлер дәрілік заттардың, ӨЖЖ үшін шығыс материалдарының, жеке қорғаныс құралдарының, резервтік төсек қорының жеткілікті қорын, сондай - ақ жедел жәрдем қызметі мен мобильдік бригадалардың КВИ бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз етуі қажет», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау бойынша жалғасып жатқан науқан шеңберінде шамамен 4,5 млн доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентпен 2 809 447 адам егілді, бұл тиісті халықтың 28,4% - ын құрайды. Екінші компонентпен 1 715 750 адам қамтылды. Егу пункттерінде вакцина дозаларының жеткілікті саны бар: бірінші компоненттің 1,1 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы.
Министрдің мәліметінше, бірінші компонентпен вакцинациялау Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Сондықтан, республика аумағында белгіленген Үнді штаммының айналымын ескере отырып, өңірлерде тұрақты эпиджағдайды сақтау үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын өсіруі, халық арасында жедел вакцинациялау қажеттілігі және негізгі алдын алу шараларын сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.