
«Астана медицина университеті» АҚ 2017 жылғы 4 шілде – 11 тамыз аралығында университет базасында стратегиялық серіктес Ла Сапиенца университетімен және итальяндық «НТАcamp» қоғамдастығымен бірлесіп Қазақстанда алғаш рет «Басқару жүйесінен және бизнес-аналитикадан стратегиялық жоспарлауға дейін: жұмыс орнында оқыту» атты бірегей жазғы мектепті ұйымдастырды.
Мектеп басқару жүйесі және бизнес-аналитика саласының, сонымен қатар стратегиялық жоспарлау саласының мамандарына арналды. Әртүрлі елден және Қазақстанның қалаларынан, университеттерінен өтінім берген адамдардың саны – 93.
Мектептің басты мақсаты:
- тиімділікті өлшеу жүйесін, индикаторлардың түрлерін және деректерді ақпаратқа аудару әдістерін талдауды;
- мониторингілеу үшін шығынсыз озық құралдарды және бағдарламалық жасақтаманы қолдануды;
- шешім қабылдау процестерін бақылауды және қолдауды;
- теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін, шығындарды талдауды, стратегияны жоспарлауды және т.б.
әзірлеу бойынша қатысушылардың білімдерін және құзіреттерін жүйелеуге ықпал ету болды.
Медициналық ұйымдарды, оның ішінде медициналық жоғары білім беру ұйымдарын басқару мәселелері қарастырылды. Бұл мәселе – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ерекше көңіл бөлетін мәселе.
Бағдарламада презентациялар, топтық жұмыстар, практикалық сабақтар және Интернеттегі сабақтар болды. Бұл тәсіл командалық жұмысқа негізделді. Дәріскерлер мен спикерлер – Ла Сапиенца университетінің, итальяндық «НТАcamp» қоғамдастығының, Италияның басқа да бес университетінің (Удине, Пиза, Камерино, Сакро Куоре және Санта Анна) өкілдері, сонымен қатар Республикалық орталықтардың (Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының, Электрондық денсаулық сақтау Республикалық орталығының, Дүниежүзілік Банктің Жобаларды қолдау тобының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми зерттеулерді қолдау офистерінің және т.б.) директорлары мен қызметкерлері.
Жазғы мектеп Университеттің халықаралық байланыстарын нығайтуға, оның стратегиялық даму бағыттарын айқындауға ықпалын тигізді. Жұмыс барысында болашақта бизнес-инкубатор, «Менеджмент жүйесін басқару», «Бизнес-аналитика бюросы», «Стратегиялық дамыту бюросы», «Деректерді жинау ақпараттық-технологиялық бөлімі», «Жобаларды бағалау басқармасы» жүйелерін құру арқылы Университетті тиімді функционалды түрде қайта құрылымдау , Қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларын Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа талаптарына сәйкес жетілдіру идеясы туды.