
Алматы мемлекеттік институтты тәмамдаған Малик Аденов алғашқы еңбек жолын фтизиатр ретінде бастады.
1996 жылы Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында врач эндоскопист қызметін атқарды. 2000 жылы кандидаттық диссертация қорғап, ҚР Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының кәріжілік, құралxана, атқарымдық диагностика бөлімінің басшылық қызметін қатар алып жүрді. 2007-2014 жылдар аралығында аталған орталықтың бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2015 жылы және 2017 жылдың мамыр айына дейін емдеу ісі жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.Ағымдағы жылдың мамыр айынан және бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директоры міндетін уақытша атқарушы қызметін атқарып келді.
Ол отандық және xалықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққан 45 ғылыми мақаланың, 8 клиникалық жетекшіліктің және әдістемелік ұсынымның авторы.