Астанада денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механиздер талқыланды

Астанада денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механиздер талқыланды

Бүгін Астанада «Ана мен бала Ұлттық ғылыми орталығы» базасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежановтың,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтың, Грузияның әлеуметтік қызмет Агенттігіндегі мемлекеттік сатып алу  басқармасының басшысы Бесик Датукишвилидің, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» саяси кеңесі президиумының төрайымы Зәуреш Батталованың  және «Нұр - Отан» партиясының және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын мүшелерінің және т.б. қатысуымен   «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи механизмдер: даму үрдістері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Болат Төкежанов өз баяндамасында, Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Үшінші жаңғырту-Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күреске баса назар аударған. Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыру үшін кедергі  болатыны бәрімізге белгілі және аталған коференция денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауға,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға және шараларды қабылдауға бағытталғанын атап өтті.

Конференция барысында денсаулық сақтау сласындағы сыбайлас жемқорлыққа үлкен  тәуекел болатын мәселелер талқыланды: олар дәрілік заттарды сатып алу мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, атап айтқанда, бұл процесстің тетіктерін жетілдіру, халықаралық стандарттарды енгізу; шет елдердің және Қазақстанның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету кезінде медициналық қызметтерді берушілердің таңдау рәсімін жүзеге асыру бойынша тәжірибесін қолдану.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі механизмдері қаралды: мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында көрсетілетін стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмекті автоматтандыру.