Денсаулық саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Денсаулық саласын дамытудың "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 жарлығымен ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ДЕНСАУЛЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ бекітілген болатын.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - Мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудың тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Мемлекеттік бағдарламаның негізгі 7 бағыты анықталды:

1.Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту;

2. МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;

3. Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;

4. Ұлттық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын іске асыру;

5. Ниеттестікті ендірудің негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және оның

қаржылық тұрақтылығын арттыру;

6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;

7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, инновациялар мен қазіргі заманғы ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;