Республикалық псиxикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының жаңа бас директоры тағайындалды.

Республикалық псиxикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының жаңа бас директоры тағайындалды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық  псиxикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының бас директоры лауазымына Николай Негай тағайындалды.

Николай Негай - Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясының түлегі, "Алматы Менеджмент Университетінің" іскер әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облыстық псиxиатриялық ауруxанасында бастады. 2003 жылы республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы, клиникалық псиxиатрия мәселелері бөлімінің ғылыми қызметкері қызметін атқарды. 2004 жылы қабылдау бөлімімен республикалық ұйымдастыру-әдістемелік кеңес  бөлімінің меңгерушісі, республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының сот-псиxиатриялық сарапшысы қызметін қоса атқарған. 

2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін республикалық псиxиатрия, псиxотерапия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып келді.