ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қол қою рәсіміне ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Талап» қолданбалы зерттеу орталығы»қоғамдық қорының директоры Раxым Ошақбаев қатысты.

Аталған Меморандум денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде ерікті медициналық сақтандырудыңең үздік әлем тәжірибесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстарды қарастырады.

Сондай-ақ, Меморандум ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бюджетінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесіне ашық және қоғамдық мониторинг жүргізуге, заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және т. б. қатысуға бағытталған.