
24 отандық дәрі-дәрмек және медбұйымдар өндіруші фармацевтикалық өнімдерге кепілді онжылдық мемлекеттік тапсырыстың арқасында жаңа өндірісті іске қоса алады немесе қолданыстағы өндірісті жаңғырта алады.
Бұл компаниялар «СҚ-Фармация» ЖШС ДЗ-ды, ММБ-ды сатып алу бойынша Бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасудың ашық байқауының нәтижесінде таңдалып алынды. Байқаудың нәтижелерін бағалау комиссиясы Бірыңғай дистрибьютордың http://www.sk-pharmacy.kz интернет-ресурсында жариялады.
Мемлекеттік тапсырыс арқылы фармөнімдерді кепілдендірілген өткізу нарығы он жыл бойы, GMP тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарына сәйкес фармацевтикалық зауыттардың жаңарту немесе салу үшін қажетті ресурстарды таба отырып, өндірушілерге елдің фармацевтика саласына жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.
2017 жылғы 11 сәуірде жарияланған конкурста өндіруші компаниялар 772 дәрілік заттардың атауларынан және 1367 медбұйымнан кез-келгенін өндіруге ниетін білдіруге мүмкіндігі болды. Конкурстық өтінімдерін ашу рәсіміне дейін 44 әлеуетті өнім берушілерден 48 өтінім қабылданған.
Бизнес-жоспармен ұсынылған өзінің салалық қорытындысын және техникалық-экономикалық негіздемеге әрбір өтінімін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұсынды. Үміткерлерді бағалау кезіндегі негізгі критерийлері жобаның зерттелу дәрежесі, қаржыландыру көздері, инфрақұрылыммен және жер телімімен қамтамасыз етілуі болып табылады.
Енді жеңімпаздармен байқау қорытындысы бойынша 523 дәрі-дәрмектер атауы және 389 медициналық мақсаттағы бұйымдар атауларына ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бекітіледі.
Жобаларды іске асыруға компанияларға бес жыл беріледі, содан кейін өндірушілер Бірыңғай дистрибьютор арқылы елдің ауруханаларына отандық сапалы дәрі-дәрмек және медбұйымдарды жеткізуді бастаулары тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, бұл отандық фармацевтикалық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарт жасасудың бірінші байқауы емес. Фармацевтикалық саланы дамытуды ынталандыру және отандық өндірісті дамыту үшін Бірыңғай дистрибьютор бұрын 553 дәрілік заттардың атауларын және 213 медициналық мақсаттағы бұйымдар атауларын жеткізуге 30 ұзақ мерзімді шарт жасасты. Отандық фармацевтикалық өндірушілер осы шарттардың төңірегінде қазірдің өзінде 137 дәрі-дәрмек және 152 медбұйымдар атауларын шығаруы мен жеткізуі жемісті болды.
Қазіргі уақытта отандық фармөнім Қазақстанның фармацевтикалық нарығының шамамен 11 пайызын жабады. Сол уақытта, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзіндік фармацевтикалық өндіріс кемінде 30%-ды құрау керек. Осылайша, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік арттыруға септігін тигізеді.
Анықтама: «Самұрық-Қазына» құрылымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың функцияларын жүзеге асыру сондай-ақ, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығын арттыру және бәсекеге қабілеттілігі мақсатында Қазақстанның фармацевтикалық саласының, тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 2009 жылдың ақпан айында «СҚ-Фармация» ЖШС құрылды. Кейінірек, компания 2013 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берілді (ҚР ДСМ) .