Е. Қиясов эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы конференцияға қатысты

Е. Қиясов эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы конференцияға қатысты

Бүгін Денсаулық сақтау Вице – министрі-ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы, соның ішінде Covid-19 және басқа да жұқпалы аурулармен күрес мәселелері жөніндегі конференцияға қатысты.

Е.Қиясов атап өткендей, қазіргі уақытта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары шеңберінде денсаулық сақтау органдары басшыларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметтері басшыларының кездесулері сияқты инфекциялық аурулар бойынша ақпарат алмасу тетіктері жұмыс істейді.

"Коронавирустық індет инфекциямен күресте халықаралық ынтымақтастықтың, өзара әрекеттесудің және қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, әлемнің кез-келген жерінде пайда болатын жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, бүкіл әлемде халықтың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай қиын кезеңде халықаралық ынтымақтастық пен өзара қолдау өте маңызды", - деді Денсаулық сақтау Вице-министрі.

Ол бірлескен күш-жігермен, үйлестірілген жауапты шараларымен біз өз аймақтарымызда пандемияның таралуын тоқтата алатынымызға сенім білдірді.

Комитет отырысына АӨСШК Хатшылығы атқарушы директорының орынбасары қатысты. ҚР-дағы covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рома Қожапова айтып берді.

Отырыс барысында АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің эпидемиологиялық қауіпсіздік және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды. АӨСШК-ке мүше мемлекеттер халқының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту бойынша бірлескен іс-қимылдар әзірленді. Сондай-ақ, эпидқауіпсіздік саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және пандемиядан кейінгі кезеңде өзге де эпиджағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен шаралар әзірлеу.