Өңірлерге вакцинация қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет

Өңірлерге вакцинация қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы КВИ бойынша қолайсыз жағдайды ескере отырып, өңірлердің әкімдерінен вакцинация қарқынын арттыру бойынша шаралар қабылдауды сұрады.

Соңғы аптада ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей Федерациясында коронавирустық инфекцияның өсуі байқалды, өткен аптамен салыстырғанда жағдайлардың саны 1,5 есе өсті - тәулігіне 9000-нан 14 мыңға дейін. Нәтижесінде қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

Қазақстан Республикасы 6 маусымнан бастап жасыл аймақта орналасқан. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы қалады. Бұл ретте, алдыңғы аптамен салыстырғанда, сырқаттанушылық 7%-ға 1365-тен 1461 жағдайға дейін өскені байқалады. Жалпы, соңғы аптада КВИ анықталған жағдайлардың саны 8,5 мыңнан 7 мыңға дейін немесе 16%- ға төмендеді, республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 15 маусымда 23%-ды, реанимациялық төсек-орындарды - 21%-ды құрайды.

«Жұқпалы аурулар стационарларының төсек-орындары көп аурушаңдық пен қамтылуы байқалған жеті өңірде Министрліктің жұмыс тобы жолға шықты. Денсаулық сақтау басқармаларына өңірде медициналық көмекті ұйымдастырудағы анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынымдар берілді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша төсек-орындардың қамтылуының оң динамикасы байқалады», - деді А.Цой.

Бүгінгі күні ҚР-да бірінші компонентпен 2 547 363 адам егілді, бұл тиісті халықтың 25,7% құрайды, екінші компонентпен 1 435 334 адам қамтылды. Егу пункттерінде бірінші компоненттің шамамен 1,2 млн дозасы және екінші компоненттің 914 мың дозасы бар. Сонымен қатар, бірінші компонентпен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында - 13,2%, Қостанай облысында - 19,5%, екінші компонентпен Маңғыстау облысында - 7,3% байқалады.

«Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ға қарсы вакцинациямен қамтуды жеке бақылауға алсын, қосымша ынталандыру шараларын пысықтап, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.