Сауд Арабия Корольдігі ПБХҒО нақты диагностиканы жүргізуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықты табыс етті

Сауд Арабия Корольдігі ПБХҒО нақты диагностиканы жүргізуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықты табыс етті

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева және Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Дахир бен Мутиш Аленази Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды.

Мақсаты: Салман Корольдің атындағы Гуманитарлық көмек көрсету орталығының (Сауд Арабия Корольдігі) өкілдері Орталыққа медициналық жабдықты табыс ету. Бұл – магнитті-резонансты томография, рентгендік диагностикалық сандық аппарат, нақты диагностика жүргізуге және кез келген зерттеу тұрпатында сапалы кескіндер алуға мүмкіндік беретін УЗ диагностикалық аппарат топтамасы.

Аталған медициналық жабдық әртүрлі жас санатындағы балалардың ауруларын ерте диагностикалауды жақсартады және зерттеу уақытын жеделдетуге, қысқартуға мүмкіндік береді. Ол кішкентай пациенттерді диагностикалау үшін өте маңызды, себебі ауру балалардың негізгі үлесі – 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар. Осының барлығы ерте кезеңінен нысаналы бағытталған терапияны тағайындауға мүмкіндік беріп, балалардың жазылып кетуін арттырады.

Жыл сайын республика  бойынша  орташа алғанда алғаш рет болған қатерлі ісік шамамен 600 балада анықталпды. Соңғы жылдары медицина жетістіктерінің арқасында қатерлі ісікке шалдыққан балалардың өмір сүру ұзақтығы артып отыр, ал олардың басым көпшілігінің құлантаза сауығып кетуіне қол жеткізіліп отыр.  Осы нәтижелерге ерте жасалынған диагностиканың және емдеудің уақтылы басталуы арқасында қол жеткізілді.  Соңғы жылдары Қазақстанда онкологияны ерте кезеңінде диагностикалау жақсарғандығы байқалады  ( 2015 ж. – 29%, 2016 ж. – 37%).

Онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балаларды диагностикалау және емдеу халықаралық бағдарламаларға негізделген заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл ауыр ісік және гемобластоздары бар балалардың өмір сүруін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен, Германияның BFM бағдарламасын қолдану кезінде күрделі лимфобласты лейкоз кезінде балалардың өмірсүруі 76,3% артса, күрделі миелобластномды лейкоз кезінде 42%-ға артты.

Соңғы жылдары орталықтың тәжірибесіне апластикалы анемия және күрделі ісіктердің ауыр түрлерінен пайда болған рецидивті лейкоздары бар балаларды емдеуде жоғарғы технологиялық гемопоэтикалық жүйке жасушаларын трансплантациялау процедурасы енгізілгді. Аталған  технология да заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді нәтижелер көрсетті. 

Анықтама: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында әр түрлі педиатриялық бейіндер, оның шінде онкологиялық және гематологиялық аурулар бойынша жылына 5000 астам балаға жоғарғы технологиялық медициналық қызмет көрсетіледі.