Стратегиялық комитетте фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы мақұлданды

Стратегиялық комитетте фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасы мақұлданды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық комитетінің отырысында «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасы мақұлданды.

«Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен шығарылуына байланысты, «Биологиялық белсенді заттарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулерді жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – хабарландыру ретіне берілуіне байланысты бұйрық жобасынан алынып тасталды.

«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы туралы қорытынды беру» және «Фармацевтикалық өнімге сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары қосылды.

Стандарттар мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту бөлігінде өзгертілген және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері бөлігінде толықтырылған.