
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтаудың жекеменшік субъектілерін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) қызметтерін көрсетуіне қатыстыру үшін кедергілерді жою мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №397 бұйрығымен бекітілген ТМККБК көрсету бойынша қызметтер берушіні таңдау жөнінде жаңа қағидаларын әзірледі (15319 нөмірмен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген).
Бұл нормативтік құқықтық құжатта ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамаға сәйкес алынған лицензияларды кепілді міндеттемелердің тізбесінен алу арқылы емханаларға тіркелу кампанияларына және ТМККБК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсіміне қатысу үшін құжаттардың тізбесі қысқартылды.
ТМККБК көрсету жөніндегі қосалқы мердігерді таңдау кезеңі алып тасталды және әлеуетті қосалқы мердігерлердің бірыңғай тізілімі жойылды. Бұл түзетулер медициналық қызметтер берушілердің құқықтарын және өкілеттіктерін кеңейту үшін қабылданды.
«Қосалқы мердігер» ұғымы сақталады, және қызметтер беруші, берілетін қызметтердің көлемі мен оларды төлеу бөлігінде қызметтер беруші мен қосалқы мердігер арасындағы өзара қарым-қатынастарға кейбір талаптар енгізілетінін атап өту қажет.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарына азаматтарды тіркеу науқанына МСАК қызметін көрсетушілерін қатыстыру бөлігінде талаптар оңтайландырылды.
Сондай-ақ, ТМККБК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау бойынша комиссияның құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін енгізу міндетті шарты кіргізілді.