ЖИТС республикалық орталығының мамандары Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестеріне тәжірибелік көмек көрсетті

ЖИТС республикалық орталығының мамандары Солтүстік Қазақстан облысындағы әріптестеріне тәжірибелік көмек көрсетті

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының мамандары  Республикалық наркологиялық қызмет өкілдерімен және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағымен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан  облысындағы әріптестеріне 26 және 30 маусым аралығында тәжірибелік ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті.

Өңірде «тұздар» мен спайстар сияқты синтетикалық  есірткілердің таралу қаупі туындап отыр.

Жыл басынан бері Есірткі бизнесімен күрес басқармасы психобелсенді заттарды өткізудің 4 фактісін анықтады. Бірақ  қылмыстық істер тоқтатылған, себебі бұл заттар бақылауға жататын тізбеге енгізілмеген.

Синтетикалық есірткілер интернет-сайт арқылы жарнамаланады. Индикатор ретінде, өскелең ұрпақтың инъекциялық есірткілерді тұтынушылары арасында АИТВ-инфекциясының артуы байқалады.

ЖИТС республикалық орталығының мамандарының бригадасы Солтүстік Қазақстан  облысындағы эпидемиологиялық жағдайға және АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігіне бағалау жүргізді. Әкімдіктің, ІІД, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Жағдайды жақсарту үшін наркологтармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар жоспарлануда.